Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Шарбұлақ ЖОББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің

МЕНЮ

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы
"Шарбұлак "жалпы білім беретін мектебінде Дүниежүзілік кітап оқу күніне орай мектебіміздің кітапханашы апайлары А.Сарыбаева және Р.Байдабекованың ұйымдастыруымен 1-сынып оқушылары арасында "Оқы. Таны. Шабыттан" тақырыбында "Ертегілер еліне саяхат" атты "Бауырсақ " ертегісіне көрініс көрсетілді.
Балалар:
- Ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдады
- Шығармашылық қабілеттерін көрсетті
- Халық ертегілерінің тәрбиелік мәнін түсінді

📖 Бұл іс-шара – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ертегілер арқылы сөйлеп, өз ойын ашық жеткізе білуге тәрбиеледі.

🌟 Кітап әлеміне алғашқы қадам – ертегіден басталады!

"Шарбұлақ" жалпы білім беретін мектебі, Қазығұрт ауданы, Түркістан облысы

2025 жылғы 23 сәуір күні Дүниежүзілік кітап оқу күніне орай Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты "Шарбұлақ" жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік челлендж ұйымдастырылды. Бұл шара "Оқы. Таны. Шабыттан" атты тақырыппен өтті.

Челлендждің негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық шабыт беру. Шара барысында мектеп оқушылары өздерінің сүйікті кітаптарынан үзінділер оқып, олар туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, мұғалімдер мен ата-аналар да бұл игі іске белсене атсалысып, кітаптың өмірдегі орны туралы әсерлі әңгімелер айтып, кітап оқу мәдениетінің маңыздылығына тоқталды.

Шара соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, кітаптар сыйға тартылды. "Оқы. Таны. Шабыттан" челленджі – білім мен руханияттың бір арнада тоғысқан, әсерлі әрі мазмұнды іс-шара ретінде есте қалды.

 

2025 жылдың 2 сәуірінде Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты «Шарбұлақ» жалпы білім беретін мектебінде Халықаралық балалар кітабы күніне орай ерекше шара өтті. Мектеп кітапханасында 7, 3, 2-сынып оқушылары арасында «Кітапхана – күн шуағы, білімнің бастауы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың білім көкжиегін кеңейту және оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында балалар сүйікті кітаптары туралы әңгімелеп, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның рухани және білімдік құндылығы туралы ойлар ортаға салынды.

Кітапханашы оқушыларға әлем әдебиетіндегі танымал балалар шығармалары туралы қызықты мағлұматтар ұсынып, кітап оқудың пайдасы жайлы әңгімеледі. Шара барысында балаларға арналған викториналар мен әдеби ойындар өткізіліп, белсенді қатысушылар марапатталды.

Осындай шаралар жас ұрпақтың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың ой-өрісін дамытып, болашақта білімді, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

 

https://youtube.com/shorts/1ObeNsCy5y8?feature=share

 

 

 

 

 

 

 

© 2025 «Шарбұлақ ЖОББМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің