Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Шарбұлақ ЖОББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің

МЕНЮ

"Шарбұлақ" жалпы білім беретін мектебі, Қазығұрт ауданы, Түркістан облысы

2025 жылғы 23 сәуір күні Дүниежүзілік кітап оқу күніне орай Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты "Шарбұлақ" жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік челлендж ұйымдастырылды. Бұл шара "Оқы. Таны. Шабыттан" атты тақырыппен өтті.

Челлендждің негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық шабыт беру. Шара барысында мектеп оқушылары өздерінің сүйікті кітаптарынан үзінділер оқып, олар туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, мұғалімдер мен ата-аналар да бұл игі іске белсене атсалысып, кітаптың өмірдегі орны туралы әсерлі әңгімелер айтып, кітап оқу мәдениетінің маңыздылығына тоқталды.

Шара соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталып, кітаптар сыйға тартылды. "Оқы. Таны. Шабыттан" челленджі – білім мен руханияттың бір арнада тоғысқан, әсерлі әрі мазмұнды іс-шара ретінде есте қалды.

 

© 2025 «Шарбұлақ ЖОББМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің