«Шарбұлақ ЖОББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің
Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты "Шарбұлақ" жалпы білім беретін мектебінде 21.04-02.05.2025 күндері аралығында дене шынықтыру пәні бірлестігінің онкүндігі болып бекітілді.
Онкүндік аясында жоспар бойынша бірінші күні ашылу салтанаты болып өтті. Ашылу салтанатында мұғалімдер мен оқушылар түрлі спорттық ойындар мен ұлттық ойындарға қатысты.Жүлдегерлермен жеңімпаздар арнайы марапаттармен марапатталды. Ашылу салтанаты жоғары деңгейде өткізілді.
https://youtube.com/shorts/cPlV9OIWH7w?feature=share
Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты "Шарбұлақ" жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 28 - ақпаны күні "Әкеден өсиет, анадан қасиет"атты дөңгелек үстел болып өтті. Мектеп әжелер ұйымының төрайымы Г. Қамбарбекова ұйымдастырған дөңгелек үстелді директордың тәрбие ісі - жөніндегі орынбасары Қ. Айту жүргізді. Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар Қазығұрт ауданның құрметті азаматы, ауыл жанашыры А. Жылқыбаев, Шарбұлақ ауыл округі әкімінің жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Боранбаев, Ақбастау елді мекенінің ақсақалы С.Дүйсебаев және ауыл әжелері кеңесінің мүшелері оқушыларға ақыл - кеңестерін айтып, өз ойларымен бөлісті. Өте әсерлі өткен іс - шарада, әжелер кеңесі мүшелері З. Демеуова, Б.Төреханова. Ә.Сатемирова және тағы басқа әжелеріміз қазақтың салт - дәстүрінен көріністер көрсетті. Іс - шара соңында оқушылармен сұрақ - жауап ұйымдастырылып көптеген мағлұматтар берілді.

Білім беру ұйымы 1982 жылы ашылды.
Білім беру ұйымының түрі - жалпы білім беретін мектеп .
Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі.
Оқытатын шетел тілдері - ағылшын тілі.
Оқыту 1 мен 11-ші сыныптар аралығында жүргізіледі.
Мектепте бар үйірмелер мен секциялар:
• волейбол,
• футбол
• баскетбол,
• басқа да спорттық
Мектептегі оқушылар саны - 1084.
Мектептегі мұғалімдер саны - 107.
Қазығұрт ауданының білім бөлімінің



