Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты "Шарбұлақ" жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 28 - ақпаны күні "Әкеден өсиет, анадан қасиет"атты дөңгелек үстел болып өтті. Мектеп әжелер ұйымының төрайымы Г. Қамбарбекова ұйымдастырған дөңгелек үстелді директордың тәрбие ісі - жөніндегі орынбасары Қ. Айту жүргізді. Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар Қазығұрт ауданның құрметті азаматы, ауыл жанашыры А. Жылқыбаев, Шарбұлақ ауыл округі әкімінің жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Боранбаев, Ақбастау елді мекенінің ақсақалы С.Дүйсебаев және ауыл әжелері кеңесінің мүшелері оқушыларға ақыл - кеңестерін айтып, өз ойларымен бөлісті. Өте әсерлі өткен іс - шарада, әжелер кеңесі мүшелері З. Демеуова, Б.Төреханова. Ә.Сатемирова және тағы басқа әжелеріміз қазақтың салт - дәстүрінен көріністер көрсетті. Іс - шара соңында оқушылармен сұрақ - жауап ұйымдастырылып көптеген мағлұматтар берілді.
«Шарбұлақ ЖОББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің
МЕНЮ
"Әкеден өсиет, анадан қасиет"атты дөңгелек үстел
© 2025 «Шарбұлақ ЖОББМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасының
Қазығұрт ауданының білім бөлімінің
