Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Шарбұлақ ЖОББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің

МЕНЮ

2025 жылдың 2 сәуірінде Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты «Шарбұлақ» жалпы білім беретін мектебінде Халықаралық балалар кітабы күніне орай ерекше шара өтті. Мектеп кітапханасында 7, 3, 2-сынып оқушылары арасында «Кітапхана – күн шуағы, білімнің бастауы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың білім көкжиегін кеңейту және оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында балалар сүйікті кітаптары туралы әңгімелеп, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның рухани және білімдік құндылығы туралы ойлар ортаға салынды.

Кітапханашы оқушыларға әлем әдебиетіндегі танымал балалар шығармалары туралы қызықты мағлұматтар ұсынып, кітап оқудың пайдасы жайлы әңгімеледі. Шара барысында балаларға арналған викториналар мен әдеби ойындар өткізіліп, белсенді қатысушылар марапатталды.

Осындай шаралар жас ұрпақтың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың ой-өрісін дамытып, болашақта білімді, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

 

https://youtube.com/shorts/1ObeNsCy5y8?feature=share

 

 

 

 

 

 

 

© 2025 «Шарбұлақ ЖОББМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасының

Қазығұрт ауданының білім бөлімінің