Өзіндік тарихы бар Шарбұлақ орта мектебінің негізі 1927 жылы Шарбұлақ ауылының Киров бөлімшесінде сауат ашу мектебі болып ашылған. 1929 жылға дейін Татарстаннан келген, Ыбырайымұлы Абдулла Майқиев сабақ береді. 1929 жылы Киров атындағы бастауыш мектеп болып құрылады. Алғашқы шәкірттер Батырбеков Т.,Үсенбеков Е,Алтаев К,Тұрғынбаев Б, Әлімқұлов Л еді. 1938-1939 оқу жылы жеті жылдық болып ашылған және оған Папанин есімі берілген. 1950 жылы мектептің аты С.М. Киров атындағы жеті жылдық мектебі болып өзгертілді. 1961 жылдан бастап С.М. Киров атындағы сегіз жылдық, 1968 жылы С.М. Киров атындағы орта мектепке айналды. 1996 жылдан бастап мектептің аты Шарбұлақ орта мектебі болып аталынды.
Шарбұлақ жалпы орта мектебінің 93 жылдық тарихы бар, яғни мектеп аудандағы алғашқылардың бірі болып ашылған бірден бір білім ордасы. Өз тарихын «сауат ашу мектебі» дәрежесінде бастаған білім ордасы. Алғашқыда 25-30 оқушылардан бастап білім беретін мектеп болса, қазірде оқушы саны 1035 ден асады.
Мектеп директорының қызметін атқарғандар:
- Жолдасов Қалы 1939-1940жж
- Райымбеков Жанысбай 1940-1941жж
- Садыбаев Мәлік 1941-1943 жж
- Батырбеков Тұран 1946-1947 жж
- Достаев Ақылбек 1947-1950 жж
- Батырбеков Тұран 1950-1951 жж
- Әбдіралиев Маханбетәлі 1951-1958 жж
- Дайырбеков Төленбай 1958-1961 жж
- Сейтаев Еген 1961-1964 жж
- Әбдіралиев Маханбетәлі 1964-1965 жж
- Өсербаев Орақбай 1965-1968 жж
- Байзақов Бөрі 1968-1970 жж
- Өмірзақова Өлмес 1970-1973 жж
- Әбдіхалықов Қуат 1973-1985 жж
- Батырбеков Мамыр 1986-1996 жж
- Абирова Ұлжан 1996-2008 жж
- Батырбеков Қабыл 2008-2013 жж
- Құтымбет Қалыбек 2013-2017 жж
- Жансейтова Жанар 2017-2025 жж
